03 ақпан 2023 | 14:06

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұрлан Ноғаев облыс активіне жаңа орынбасарлары Руслан Бектемір мен Қанат Құлжановты таныстырды, олардың кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрлан Ноғаев облыс активіне жаңа орынбасарлары Руслан Бектемір мен Қанат Құлжановты таныстырды, олардың кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Бектемір Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

"Қаржы", "Мұнай-газ ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат бітірген, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі. "Мемлекеттік аудитор" және "жоғары санатты мемлекеттік аудитор" сертификаттарының иесі.

Реклама
Реклама

Руслан Бектемірдің мемлекеттік қызметте және жеке секторда 24 жылдық еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің салық инспекторы қызметінен бастады. Әр жылдары салық органдарында жұмыс істеді, жеке секторда қаржы директоры, "Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ директорының орынбасары болды.

БҚО тексеру комиссиясының мүшесі, БҚО экономика және Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.

Астана қаласында Ішкі істер, экономикалық тергеу органдарында қызмет атқарды, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы, ҚР Энергетика министрлігінің ішкі аудит департаментінің директоры болды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты" ЖШС Бас директорының орынбасары.

Қанат Құлжанов Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ технологиялық көлік басқармасының слесарі қызметінен бастаған.

2002-2007 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы ақпарат орталығының бас маманы, Жаңаөзен қаласы прокурорының көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.

2010 жылдан 2012 жылға дейін - Бас прокуратура мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, Бас прокурордың көмекшісі, Бас прокурордың аға көмекшісі.

2012 жылдан 2016 жылға дейін - Байқоңыр қаласының прокуроры.

2016 жылдан 2018 жылға дейін - Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы.

2018 жылдан 2019 жылға дейін - бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы, Бас көлік прокурорының халықаралық қатынастар саласындағы аға көмекшісі, Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «"Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ Бас директорының орынбасары, заң департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

Актив жиналысының қорытындысы бойынша өңір басшысы жаңа орынбасарларға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная