22 қазан 2018 | 18:58

Маңғыстау облысы алғашқы болып цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшті

Сурет Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Маңғыстау облысы алғашқы болып цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы алғашқы болып цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Маңғыстау облысы елімізде алғашқы болып аналогты хабар таратуды өшіріп, цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшті. Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және "Қазтелерадио" АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков қатысты.

Реклама
Реклама

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев облыс тұрғындарын құттықтап, цифрлық эфирлік телехабар таратудың артықшылықтарына тоқталды.

"Шежірелі Маңғыстау облысы толығымен цифрлық телехабар таратуға көшкен еліміздегі ең алғашқы аймақ.  Маңғыстауда цифрлық телехабар тарату үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан Ералы Лұқпанұлы бастаған жергілікті әкімдік пен "Қазтелерадио" ұжымына атқарылған ауқымды жұмыс үшін алғыс айтамын. Біріншіден, бұл "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамның бірі. Екіншіден, осы қадам арқылы мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жол ашылады. Өйткені отандық арналардың хабар тарату үлесі мен сапасы артқалы отыр. Үшіншіден, цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты төмендетеді", - деді Дәурен Абаев.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу шеңберінде жасалған жұмыстарды қорытындылап, жобаны іске асыру 2015 жылы аяқталғанын мәлімдеді.

"Хабар таратудың жаңа қалыбының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 21 радиотелевизиялық станция құрылысы салынып, жаңғыртылды, бұл халқының саны шамамен 500 мың адамды құрайтын 47 елді мекенді, яғни облыс халқының 99 пайыз қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жоба бойынша 2014 жылы  Жаңаөзен қаласы цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесіне көшті. Енді міне толықтай жаңа форматқа елімізде ең алғашқы облыс болып Маңғыстау өтуде. Облысымызда цифрлық телехабар тарату желісінің қамту аумағы - 99 пайыз. Өңіріміз қазір аналогтық телехабар тарату желісінің өшіруге дайын. 14 елді мекен жер ерекшеліктеріне байланысты цифрлық телехабар тарату жүйесіне тікелей қосылу мүмкіндігі жоқ болмаса да, біз ауылдарды "OTAU TV" жерсеріктік телехабар жүйесіне қосу арқылы 100 пайыз телехабар таратумен қамтамасыз еттік", - деді Ералы Тоғжанов.

"Қазтелерадио" АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков республиканың барлық аумағы бойынша инфрақұрылымның цифрлық эфирлік хабар таратуға көшуге дайындық барысы туралы хабарлады. Тәжібаевтың мәліметінше, цифрлық хабар таратуға толықтай көшу үшін бүкіл еліміз бойынша 827 радиотелевизиялық станцияны пайдалануға енгізу керек. Бүгінгі таңда 414 РТС салынды. 2018 жылдың аяғына дейін тағы 130 жуығын аяқтау жоспарлануда. Қалған станциялар 2019-2020 жылдардағы кезеңде аяқталатын болады. Аналогты хабар таратудың толықтай өшірілуі 2021 жылы іске аспақшы.

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная