ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2022 | 12:53
Маңғыстау облысы әрдайым менің ерекше назарымда - Тоқаев
Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы бұл өңірге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы бұл өңірге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жалпы, Маңғыстау облысы әрдайым менің ерекше назарымда. Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен кезде ең алдымен киелі Түркістан мен Маңғыстауға барғанымды білесіздер", - деді Президент.
Өңірдің бәріне бірдей арнайы жоспар қабылданып жатқан жоқ. Осының өзі Маңғыстау жұртының тыныс-тіршілігін жақсартуға айрықша мән беретінімізді көрсетеді. Ендігі міндет – бұл жоспарды мүлтіксіз орындап, өңірді көркейту, деді Мемлекет басшысы.
"Тоғыз жолдың торабында тұрған қазыналы өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар. Маңғыстау облысы қай тұрғыдан алып қарасақ та, ерекше аймақ", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также