11 ақпан 2022 | 10:52

Маңғыстау облысы білім беру саласына ең аз қаржы жұмсайтын өңірлер тізіміне кірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Маңғыстау облысы білім беру саласына инвестиция құю және бюджеттен қаржы бөлу бойынша соңғы орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы білім беру саласына инвестиция құю және бюджеттен қаржы бөлу бойынша соңғы орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы білім беру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көрсеткіші 4,3 миллиард теңге болды. Бұл Қазақстандағы білім беруге салынған инвестицияның жалпы көлемінің 1,5 пайызы ғана және өңірлер арасында соңғы орын. Облыс жергілікті бюджеттен білім беруге бөлінген шығын бойынша анти-лидерлер үштігіне кірді, былтыр 11 айда 105,7 миллиард теңге бөлінген.

Реклама
Реклама

Президенттің айтуынша, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру басымдыққа айналуы керек. Тоқаев өңірлерді дамытудағы теңсіздік пен азаматтардың наразылығы туралы айтқан еді. Оның айтуынша, шикізат шығатын өңір тұрғындары бюджет ресурстарын бөлу кезінде облыс көбірек назар аударуы керек деп санайды. Бұл салалар бюджеттің негізгі қозғаушы күші болғанымен, әлеуметтік-экономикалық даму өлшемі бойынша артта қалып отыр.

Бүгінде Маңғыстау облысы халық саны бойынша еліміздің үш өңірін басып озады. Ал 15 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер саны бойынша алты облысты басып озады. Туу көрсеткіші бойынша елімізде 10-орынды иеленді. Өңірде қазір оқушыларға орын жетіспеушілігі байқалады. 2020 оқу жылының басында облыста 15 үш ауысымды мектеп немесе өңірдегі барлық мектептің 9,2 пайызы жұмыс істеді. Бұл ҚР бойынша үш ауысымды мектептердің 2,2 пайызы болады. Мұндай мектептерде 34,3 мың бала оқыды. Бұл аймақтағы оқушылардың жалпы санының 21 пайызынан сәл асады. Әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін бір ауысымды мектептерде облыс оқушыларының тек 3 пайызы білім алды.

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов облыстың білім беру саласындағы мәселелері шешілетінін айтқан болатын. Маңғыстау облысында 24 мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге жаңа 11 ғимарат салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жаңа және заманауи мектептер Ақтау мен Жаңаөзенде және облыстың басқа аудандарында салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная