Маңғыстау облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары ҰҚТ құрды деп айыпталды: Ақтауға комиссия барды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтауға тексеру жүргізу үшін ІІМ комиссиясы барды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген ақпарат тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Комиссияның келгені туралы ақпаратты өңірлік полиция растады.

"Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов өз бастамасымен ІІМ мен тиісті органдарға интернетте тараған аноним хаттағы мәліметтерге байланысты тексеру жүргізу туралы өтініш жолдады. Департамент басшысы процестің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тексеріске мәслихат пен қоғам өкілдерін тартуды ұсынды", - деп хабарлады Маңғыстау ПД.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Маңғыстау полициясы басшысы мен оның орынбасарларын ҰҚТ құрды деп айыптаған ұжымдық хат тараған еді.

Полиция сол кезде Tengrinews.kz сұрауына бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама