Маңғыстау облысында 8 блокбекет қойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында 8 блокбекет қойылды. Олар Ақтаудан Жетібай, Құрық ауылдары және Форт Шевченко қаласына апаратын жолдарды бақылайды. Сондай-ақ, Баянды-Әмір тас жолында бақылау-өткізу бекеттері бар, тағы үшеуі Жаңаөзен қаласынан шығатын жолдарды бақылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

 Өңірде түнгі 11 мен таңғы 7 аралығында коменданттық сағат енгізілген. Құқық қорғаушыларға еріктілер көмектесіп жүр.

Облыста 109 колл-орталығы іске қосылды. Ол арқылы төтенше жағдайға байланысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның барлық аумағында лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Лаңкестер қару қолданылмаған бейбіт және тыныш аймақтарға, соның ішінде Маңғыстау облысына еніп кетуі ықтимал", - деп ескертті облыс коменданты Жанарбек Бақтыбаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама