ПОДЕЛИТЬСЯ
08 мамыр 2022 | 17:18
Маңғыстау облысында бір түнде екі қала мен төрт ауылды су басты
Маңғыстау облысында түнде екі қала мен төрт ауылды су басты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров өңірдегі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды "Лада".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысында түнде екі қала мен төрт ауылды су басты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров өңірдегі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды "Лада".
8 мамырға қараған түні жауған жаңбыр салдарынан екі қала (Ақтау, Жаңаөзен) және облыстың екі ауданындағы төрт елді мекенді (Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдары) су басқан.
Ақтауда 11 көшені су басқан (оның тоғызынан су сорылған) - 12 420 текше метр су. Жұмыстар жалғасып жатыр.
Жаңаөзен қаласында 88 тұрғын үй (оның ішінде 35-інен су сорылды), 43 аула алаңы (оның 28-інен су сорылды), 27 көше (оның 20-сынан су сорылды), үш мектеп пен бір балабақшаның жертөлесіне (оның ішінде 3-еуінен су сорылды) зиян келген. Инертті материалдар салынған 130-дан астам қап төселген. 17 300 текше метр су сорылған. Жұмыс жалғасып жатыр.
Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында электр қуаты үзілген (жеке сектордың 60 абоненті жарықсыз қалды). ТЖД күштері 19 адамды эвакуациялады, оның 9-ы туыстарының үйіне орналастырылған. Жаңаөзен қаласы әкімдігінде штаб құрылды.
Қарақия ауданы Бостан ауылында бес тұрғын үй мен "Тұрмыс-сервис" ММ сорғы станциясын су басқан. Су толығымен сорылды (950 текше метр).
Қарақия ауданы Сенек ауылында 23 тұрғын үйді, 25 ауланы және спорт мектебінің жертөлесін су басқан. 700-ден астам қап төселді. Су толығымен сорылды (980 текше метр).
Қарақиян ауданы Құрық ауылында Құрық-Жетібай жол учаскесінің төртінші шақырымындағы жаңбыр суы коллекторынан суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су толығымен сорылған (100 текше метр).
Шетпе ауылында екі үй мен тоғыз ауланы су басқан. Су толығымен сорылды (16 текше метр).
Салдарды жоюға барлығы ТЖД-ның 81 қызметкері, 19 техника мен 21 мотопомпа жұмылдырылған. Жергілікті атқарушы орган 138 қызметкер, 46 техника және бес мотопомпамен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, 85 волонтер көмектесіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также