Маңғыстау облысында ер адамды пойыз басып кетті

Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында ер адамды пойыз басып кетті. Зардап шегуші аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында ер адамды пойыз басып кетті. Зардап шегуші аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшіге бұл оқиғаның 28 ақпанда болғанын мәлімдеді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа дәрежеде зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші кейін медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады өңірлік ПД.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, медициналық мекемеде дәрігерлер жәбірленушінің екі аяғын ампутациялаған. Ер адамның жалпы жағдайы ауыр, гемодинамикасы тұрақты. Ол реанимация бөлімінен травматологиялық бөлімге ауыстырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама