ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2020 | 16:55
Маңғыстау облысында карантин кезінде үйлену тойын жасаған ауыл тұрғыны жазаланды
Маңғыстау облысында карантин режимі кезінде той жасаған тұрғын жазаланды, - деп хабарлайды Lada.kz
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысында карантин режимі кезінде той жасаған тұрғын жазаланды, - деп хабарлайды Lada.kz
Жергілікті тұрғын карантин кезінде үйінде той жасаған. Тұрғынға қатысты жазалау шарасы туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдары бойынша, Қарақия ауданы, Бостан аулының тұрғыны карантин кезінде қонақтарды жинап, үйлену тойын жасаған.
Сот үкімі бойынша, ауыл тұрғынын Маңғыстау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Қаулыға сәйкес, адам көп жиналатын отбасылық, соның ішінде, үй жағдайында іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынған. Той ұйымдастырған тұрғынға 5 АЕК көлемінде, яғни, 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также