Маңғыстау облысында көл жағасынан 30 өлген аққу табылды

Фото: inaktau.kz Фото: inaktau.kz

Маңғыстау облысындағы Қаракөл жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды. Мамандар себебін анықтап жатыр. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысындағы Қаракөл жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды. Мамандар себебін анықтап жатыр. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу кезінде көл жағасынан Қарақия-Қаракөл табиғи резерватының инспекторлары өлген 30 аққуды тапқаны хабарланды. Олар бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлаған.

фото inaktau.kz

Реклама
Реклама

Құстардың өлу себебін анықтау үшін өлекселерден сынама алынды. Сонымен қатар, инспекторлар табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп, қорықтағы басқа құстарды бақылау жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

"26 желтоқсандағы жағдай бойынша "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Ермұхаммет Қасымбеков (Алматыда орналасқан – еск.) өлкеден алынған сынамаларды зерттеу бойынша тиісті зертханалық жұмыстарды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады қорық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная