Маңғыстау облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстау облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты "Тазалық-С" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген.

Реклама
Реклама

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы мәліметінше, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.

Соның ішінде комбинат арнайы техникамен толық қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимер құбырлар өндірісі іске асырылмаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол қанағаттандырылған.

Апелляциялық сатыда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама