ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 наурыз 2024 09:42
Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырында жарылыс болды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында магистральдық газ құбырында жарылыс болып, өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 наурызда шамамен сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы "ИнтергазОрталықАзия" АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында жарылыс болды.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта жарылыстың себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖД хабарламасында.
Өрттің тұтанған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрларда өрт байқалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу