04 мамыр 2022 | 08:54

Маңғыстау облысында мұғалім оқушыны шапалақпен ұрған. Оқиға видеоға түсіп қалған

© lada.kz

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда бірінші сынып оқушысының анасы мектеп дәлізінде жүгіріп бара жатқан қызды мұғалімнің екі рет шапалақпен ұрғаны көрсетілген видеоны ұсынды, - деп хабарлайды "Лада"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда бірінші сынып оқушысының анасы мектеп дәлізінде жүгіріп бара жатқан қызды мұғалімнің екі рет шапалақпен ұрғаны көрсетілген видеоны ұсынды, - деп хабарлайды "Лада"

Әйел адамның айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған. Мектепте болған оқиға бойынша тек 3 мамырда директордан және жергілікті білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінен жауап алған.   

Директордың айтуынша, "мұғалім оқушыны ұрмаған, тек жүгірмесін деп ұстап тұрған".  

Реклама
Реклама

Жергілікті Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті жауабында 12 сәуірде мұғалімге қатаң сөгіс жарияланғаны айтылған. Ал 14 сәуірде мұғалім жұмысынан босатылған. Қандай бап бойынша кеткені белгісіз. 

Оқушының анасының сөзінше, мұғалім әйел адаммен, директормен және мұғалімдермен сөйлескенінде сол күні көңіл күйі болмағанын айтқан. Бірақ кешірім сұрамаған.  

Бірінші сынып оқушысының анасы бұл оқиғадан кейін мұғалім 12, 13 сәуірде жұмысқа шыққанын айтады. Ал 14 сәуірде өз қалауымен жұмыстан кеткен.   

Енді оқушының анасы Білім министрлігіне шағымданбақ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная