04 маусым 2023 09:51

Маңғыстау облысында оқушы ҰБТ-дан жинаған балына көңілі толмай апелляцияға өтініш берген

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден жиған жоғары баллына көңілі толмай апелляцияға өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден жиған жоғары баллына көңілі толмай апелляцияға өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірде ҰБТ нәтижесі бойынша аралық қорытынды тізімделген. Нәтижесінде Қарақия ауданының мектеп бітіруші түлегі ең жоғары балл жинаған. Алайда ол 140 баллдық көрсеткіштің 134-не дұрыс жауап бере тұра, нәтижеге оның көңілі толмаған.

"Облыс бойынша тест тапсырғандар арасында ең жоғары балл жиған Қарақия ауданының мектеп бітірушісі апелляцияға өтініш берді. Жас түлек нәтиженің дұрыс шықпағанын айтып, өзі белгілеген тест сұрақтары бойынша нақты дәлелдерін келтірмекші. Енді сол өтініш бойынша тексеру қорытындысы 30 күннен кейін жарияланады", - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілдері.

Реклама
Реклама

1 маусым күні соңғы қоңырауда Бейнеу ауданындағы Сарға ауылындағы мектеп-интернатты 2 түлек бітірген. Мектеп басшылығы, бірнеше оқушының 9-сыныптан кейін колледжге түсуіне байланысты 11-сыныпта оқушы қалғанын атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram