ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2024 | 15:37
Маңғыстау облысында онкологиялық науқастар жәрдемақысыз қалған
Маңғыстау облысындағы онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысындағы онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының прокуратурасы онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді.
"Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарына қарамастан, 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адамның мүгедектікті ресімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылғаны анықталды. Осылайша, емдеуші дәрігерлер көрсетілген науқастарға қатысты, кейбіреулері бес жылдан астам "Д" есебінде тұрған, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқарылмаған", - делінген хабарламада.
Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілген.
"Бүгінде заңбұзушылықтар жойылды, Денсаулық сақтау басқармасы аталған тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл процесс облыс прокуратурасының бақылауында".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также