03 маусым 2021 | 17:08

Маңғыстау облысында сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы талқыланып жатыр

Видеодан алынған

Кішкентай сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы Маңғыстау облысында резонанс тудырды. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кішкентай сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы Маңғыстау облысында резонанс тудырды. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Видео кадрларынан медициналық халат кимеген және маска тақпаған әйел балаға массаж жасап жатқаны көрінеді. Массаж барысында сәбидің шыңғырып жылағаны естіледі. Әйел салмағын салып баланың ішінен қатты басады және оның аяқ-қолын созады. Сонымен қатар, баланы мойнынан ұстап сілкиді.

Назар аударыңыз! Видеоны жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көруге болмайы!

Реклама
Реклама

Видеодағы әйелдің кәсібилігіне Маңғыстау облысының полиция департаменті тексеру жасаған.

"Әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы барды. Онда әйел мен баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі болды. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная