Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқыш суретке түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи саябағынан

"Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы инспекторлары жыртқыш мысық тұқымдас аңдар суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы инспекторлары жыртқыш мысық тұқымдас аңдар суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорық аумағында қарақал мен дала мысығы байқалған.

Облыстық инспекция мәліметінше, қарақал түрік тілінен аударғанда "қара құлақ" деген мағына береді.

Реклама
Реклама

"Бұл мысық тұқымдас сүтқоректі жыртқыш. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусін қатарына жатқызылды, сыртқы түрі ерекшеленеді. Алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты ол жеке тұқымға бөлінген. Ол шөлді жерлерде кездеседі. Қарақал, негізінен, түнде белсенді. ТМД аумағында саны аз, ол "Қызыл кітапқа" енгізілген", - деді мамандар.

Қазақстанда қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі. Маңғыстау облысында шамамен, 300-400 түрі бар.

Тағы бір суретте облыстық аумақтық инспекция мәліметі бойынша, дала мысығы түсірілген. Мысық тұқымдасы мысықтардың жыртқыш өкілі саналады. Бұл түр кең таралған және "Қызыл кітапқа" енбеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама