ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2024 | 08:36
Маңғыстау облысында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында ТЖ қызметкерлері суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Түпқараған ауданында болған. 2003 жылы туған ер адам Каспий теңізінің жағалауында шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсіп, өз бетінше жағаға шыға алмаған.
"Жедел-құтқару жасағы жас жігітті судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также