06 қараша 2017 | 13:01

Маңғыстау облысында төтенше жағдайларды жоюға бағытталған "Жер" штабтық жаттығуы өтті

"Каспий" теңізіндегі жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайларды жоюға бағытталған Маңғыстау облысы Ақтау қаласының басқару органдарын және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК АҚ азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы тақырыбында "Жер" штабтық жаттығуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Каспий" теңізіндегі жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайларды жоюға бағытталған Маңғыстау облысы Ақтау қаласының басқару органдарын және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК АҚ азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы тақырыбында "Жер" штабтық жаттығуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК АҚ (бұдан әрі -теңіз порты) азаматтық қорғауда бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізу шеңберінде төтенше жағдайларды жоюдағы құрылымдық нысандарының дайындығы тексерілді.

Теңіз портының және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының келісімі бойынша, Ақтау қаласының азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 3 қарашасында азаматтық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен штабтық жаттығу өткізілді, оған 305 адам қатыстырылды, 24 дана техника және 4 теңіз кемесі пайдаланылды. Соның ішінде:
1. Теңіз портының басқару органдарының және құрылымдық нысандарының 230 адамы, 4 теңіз кемесі, 13 дана техникасы;
2. Ақтау қаласының азаматтық қорғау қызметінен 39 адам және 8 дана техника (өртке қарсы қызметтен - 25 адам, 4 дана техника; медициналық қызметтен - 4 адам, 1 жедел жәрдем көлігі; химиялық және радиациялық қорғау қызметінен - 5 адам және 2 дана техника);
3. Мемлекеттік органдардан - 36 адам және 3 дана техника (Ақтау қаласы әкімдігінен - 2 адам; Төтенше жағдайдар департаментінен - 2 адам, 1 дана техника;Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесінен - 4 адам, 1 дана техника, 1 іздестіруші ит; "Апат медициналық орталығы" мемлекеттік мекемесінен - 3 адам, 1 дана техника, № 14 орта мектептің қызметкерлері - 25 адам).

Штабтық жаттығы үш кезең бойынша өткізілді:
1) Теңіз кемесіндегі өртті сөндіруде ТЖ және теңіз порты акваториясындағы төгілген мұнайды жоюды және судағы адамды құтқаруды ұйымдастыру және өткізу;
2) Теңіз портының өндірістік аймағындағы транзиттік ангарындағы үйінді астында қалған зардап шегушілерді құтқару және көшірудегі ТЖ жоюды ұйымдастыру және өткізу;
3) Теңіз портының қызметкерлері мен жұмысшыларын Ақтау қаласының 26 шағын ауданындағы №14 орта мектепте орналасқан эвакуациялық жиналу пунктіне көшіру.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның Маңғыстау облысына соңғы ресми сапарында онымен Каспий теңізі акваториясының азаматтық қорғау жүйесін қауіпсіздендіру және жаңғырту көрсетілген болатын.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айының бірінші бөлігінде Азербайджан Республикасында Каспий теңізіндегі жер сілкінісі туындағын кездегі ТЖ жою бойынша халықаралық командалық-штабтық жаттығу өткізілетін болады (қатысушылар: Иран, Ирак, Түркия және ТМД елдері), аталған шараға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы, оның ішінде Маңғыстау облысы ТЖД АҚ бөлімінің бастығы, подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы қатысу жоспарланып отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная