21 қыркүйек 2019 09:47

Маңғыстау облысындағы кен орнындарында жұмысшылар ереуілге шықты

Камила Долаева Журналист
КТК

Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" және "Қаражанбас" кен орнындарында жұмысшылар ереуілге шықты. Арызын арқалаған екі бірдей компанияның көлік жүргізушілері жалақыны көбейтуді талап етті, - деп хабарлайды КТК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" және "Қаражанбас" кен орнындарында жұмысшылар ереуілге шықты. Арызын арқалаған екі бірдей компанияның көлік жүргізушілері жалақыны көбейтуді талап етті, - деп хабарлайды КТК.

"Қаражанбас" кен орынында көлік қызметін көрсететін "Мобил сервис групп" кәсіпорынының 150-ден астам қызметкері жұмысқа шығудан бас тартқан. 15 күндік ауысымға 78 мың теңге еңбекақы алатын жүргізушілер айлықтарының шайлығына жетпегеніне наразы. Олар басшылардан жалақыны екі есе көтеруді талап етті. Талап толық орындалмаса да, компания жартылай өсіруге келісіп, наразы жұмысшылар тарқаған.

Реклама
Реклама

Бірер күн бұрын дәл осыған ұқсас ереуіл "Қаламқас" кен орынында болды. Ол кезде де "Актаукрантехсервис" компаниясының көлік жүргізушілері азғантай айлыққа көңілі толмайтынын жеткізген.

"Бүгін "Мобил Сервис" басшылары жұмыскерлермен, еңбек ұжымымен келіссөз жүргізілді. Қос тарап келісімге келіп, жалақыны 50 пайыз өсіруге шешімге келген. Қазір жұмыскерлердің бәрі жұмыс орнында, жұмыс істеп жатыр", - деді Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Шыңғыс Дүйсенов.

Дереккөз: КТК

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram