03 қазан 2023 | 09:51

Маңғыстау облысындағы мерзімді сарбаздың өлімі: соталды тергеу жүргізіліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz

Оймаш полигонындағы мерзімді сарбаздың өлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оймаш полигонындағы мерзімді сарбаздың өлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа бұл істі Ақтау гарнизонының прокуратурасы мен Бас әскери прокуратура ерекше бақылауына алғанын мәлімдеді.

"Бұл дерекке қатысты 453-баптың 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Кеше өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйітке аутопсия жасалды. Сараптама нәтижелерін күтеміз" - деді Ерлан Құтқожа.

Реклама
Реклама

Ерлан Құтқожа жарылыс полигонда өткізіліп жатқан оқу-жаттығу орнында емес, сарбаздар тұрмыстық қоқыстарды тазалап жатқан жерде болғанын түсіндірді.

"Жарылыс салдарынан тағы бір әскери қызметші, 2000 жылы туған сержант жарақат алды. Қазір ол ауруханада, оның жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда белгісіз зат жарылып, сарбаз қаза тапқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная