13 наурыз 2022 | 10:41

Маңғыстау облысының 105 жастағы тұрғыны ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"Хабар 24" арнасының кадры

Маңғыстау облысының 105 жастағы тұрғыны Қанзия Сақауова бір ғасырдан аса уақыт өмір сүруінің сырын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының 105 жастағы тұрғыны Қанзия Сақауова бір ғасырдан аса уақыт өмір сүруінің сырын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Ол артық нәрсеге алаңдамай, бос уақытын жұмысқа арнауға тырысады екен. Қанзия Сақауова кейде ескі тігін машинасымен жұмыс істейді. Қартайғанына қарамастан, ол барлық немере-шөбересінің есімдерін біледі әрі оларды шатастырмайды.

Қанзия Сақауова қаңтарда 105 жасқа толды. Қартайғанына қарамастан, ол әйел адам әрқашан сыртқы келбетіне қарауы керек деп санайды.

Реклама
Реклама

"Ұзақ өмір сүрудің сыры - еңбекте және басқа адамдарға риза болуда. Адамдарды күн сайын күлімсіреп қарсы алуға тырысамын. Әрине, сыртқы келбетті қадағалау керек. Әйел 105 жасында да әдемі болуы керек!" - дейді Қанзия Сақауова.

Қанзия Сақауованың күйеуі майданда қайтыс болып, өзі екі баласымен қалған. Жалғыз өзі оларды жеткізіп, көпке үлгі бола білген. Колхозда да жұмыс істеп, депутат болған.

Отбасылық мұрағаттағы кадрларда 100 жасында да Қанзия Сақауова бос отырмай, ескі тігін машинасымен жұмыс істеп отырғаны көрінеді.

Жақында ғана денсаулығына байланысты Маңғыстау ауданынан Ақтауға көшіп келген. Бірақ әлдебір маңызды оқиға алдында көпті көрген қариядан бата алғысы келетіндер әлі де толастамайды екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная