03 қаңтар 2022 | 18:28

Маңғыстау облысының әкімі халықпен кездесті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша газға баға белгілеуге қатысты үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылғанын, олар газдың бағасын реттеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін айтты.

Реклама
Реклама

Әкім өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында газдың литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендетуге белсенді шешім қабылдағанын айтты.

"Баға дәліздерін құру және жанармай бағасының алыпсатарлық өсуіне жол бермеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданады. Жанармай құю бекеттерінің иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексеруді бастады", - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі жиналғандарды мәселелерді заңды жолмен, сындарлы диалог арқылы шешуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная