25 қыркүйек 2024 | 10:30

Маңғыстау полициясының қару-жарақ арсеналына пулемет қосылды

Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысының Полиция департаменті мемлекеттік сатып алу сайты арқылы пулемет пен мылтық сатып алу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының Полиция департаменті мемлекеттік сатып алу сайты арқылы пулемет пен мылтық сатып алу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, мемлекеттік сатып алу сайтында пулемет сатып алу туралы хабарландыру сирек кездеседі. Полиция бөлімшелері ашық портал арқылы тапаншаларды, дубинка, электрошокер сатып алады, бірақ, пулемет жиі болмайды.

Мемлекеттік сатып алудың басқа түрлерінен айырмашылығы, күштік ведомстволардың қару-жарақ сатып алуы туралы барлық ақпарат жасырылған. Пайдаланушылар сатып алынатын тауардың атауын және конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушілердің тізімін ғана көре алады.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы ПД үшін пулемет екі рет сатып алынған: 2024 жылдың маусым және қыркүйек айларында. Сипаттамада "қолмен, ату жылдамдығы 150 атыс/мин дейін" деп көрсетілген. Пулеметтен басқа ведомство мылтық (екі рет) және тапанша сатып алған. Қандай мөлшерде - нақтыланбаған.

Облыстық ПД бізге пулемет пен мылтық арнайы жасақ қажеті үшін сатып алынғанын айтты.

"Бізде ПД арсеналында болуы керек қару-жарақтың тізімі бар. Соған сәйкес сатып аламыз. Бұрын бізде пулемет болған жоқ, бірақ тізімде көрсетілгендіктен оны сатып алуымыз керек еді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram