Маңғыстау тұрғыны ауласынан Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңды тауып алды

Маңғыстау тұрғыны ауласынан Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңды тауып алды Фото: Lada.kz / Үстірт мемлекеттік қорығы

Мұнайлы ауданының тұрғыны өз үйінің ауласынан ерекше аңды тауып алды. Жануарға көмек қажет болуы мүмкін деп шешкен ер адам оны ұстап алып, мамандарға тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданының тұрғыны өз үйінің ауласынан ерекше аңды тауып алды. Жануарға көмек қажет болуы мүмкін деп шешкен ер адам оны ұстап алып, мамандарға тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Аң Батыр ауылындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан табылған. Полиция қызметкерлері жануарды Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізді. Инспекция басшылығы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өкілдеріне хабарласып, олар жануарды қарап шығу үшін Ақтауға келді.

Мамандар табылған жануардың сусарлар тұқымдасына жататын сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректі – шұбар күзен (перевязка) екенін анықтады. Шұбар күзен – Vormela туысының жалғыз өкілі, бұл түр Қазақстан аумағында да мекендейді.

Жарнама
Жарнама

Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енген және ІІІ санатқа – саны мен таралу аймағы азайып бара жатқан сирек кездесетін жануарларға жатады. Елімізде шұбар күзен әдетте жартылай бекіген және бекіген құмды жерлерде кездеседі, ол ұсақ сүтқоректілер – құмтышқандар, саршұнақтар мен тышқандар мекендейтін орындарды қолайлы көреді.

Фото Lada.kz / Үстірт мемлекеттік қорығы

Мамандар жануарға визуалды тексеру жүргізіп, денесінен ешқандай ауыр жарақат таппады. Тексеруден кейін аң Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына жеткізіліп, табиғатқа жіберілді.

Фото Lada.kz / Үстірт мемлекеттік қорығы

Бұған дейін Алматы облысының Шелек ауылындағы су қоймаларының бірінен Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қарабай байқалған болатын, толығырақ – материалда.

Тағы да оқыңыз: Алматы хайуанаттар бағына Солтүстік Америкадан жаңа жыртқыштар әкелінді

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама