Маңғыстауда 1 қаңтарға қараған түні үш адам петардадан зардап шекті: екеуі бала

Маңғыстауда 1 қаңтарға қараған түні үш адам петардадан зардап шекті: екеуі бала Фото: diapazon.kz

Маңғыстауда 1 қаңтарға қараған түні бір ересек адам мен екі бала петардадан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстауда 1 қаңтарға қараған түні бір ересек адам мен екі бала петардадан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымға сілтеме жасап хабарлады.

1 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының диспетчерлік бөліміне 1 216 қоңырау түскен. Бұл жұмыс күндерінен екі есе көп. Салдарынан диспетчерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есе артқан.

Реклама
Реклама

Жеті жол-көлік оқиғасы, екі пышақ жарақаты бойынша қоңыраулар түсті. Үш адам-бір ересек адам және екі бала петардадан зардап шеккен.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасынан кейін бір адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жол апатынан зардап шеккен үш адам көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілді. Отшашудан жарақат алған ересек адам да ауруханаға жатқызылды. Улану жағдайлары болған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама