26 қараша 2019 | 17:47

Маңғыстауда 191,5 шақырым жол жаңартылады

© pixabay.com

Биыл Маңғыстауда 191,5 шақырым жол жаңартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл Маңғыстауда 191,5 шақырым жол жаңартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың айтуынша, облыста республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жаңартылуы қызу жүргізіліп жатыр. Облыста жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы - 92 пайыз. Қайта құрылымдау жұмыстары 191,5 шақырымға жасалмақ. 218,8 шақырым жолға орташа жөндеу өткізіледі.

Реклама
Реклама

Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы" автожолы күрделі жөндеуден өтіп, бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Ал, екінші кезеңі 2020 жылдың сәуір айында аяқталады. Қазір "Жетібай-Жаңаөзен-Түркменістан шекарасы" автомобиль жолының құрылысы жүріп жатыр. 73 шақырым болатын жолдың құны - 14,9 миллиард теңге.


Маңғыстау облысының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлы

Облыстық және жергілікті маңыздағы "Ақтау-Қаламқас" және "Таушық-Шетпе" автомобиль жолындағы жасанды имараттарды қайта жаңартуға 872 миллион теңге бөлінді. Маңғыстаудағы киелі жерлерге баратын "Ата жолы" автожолы да қайта жаңарып жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстарының 90 пайызы орындалды. Құрық ауылынан теңіз портына дейінгі 22 шақырым жол да аяқталады. Сондай-ақ "Жыңғылды-Шайыр-Шеркала мекені" 29,5 шақырым жолы, "Шетпе-Қызан" автомобиль жолын қайта құрылымдау 49-85 шақырым учаскесі және тағы басқа жолдар жаңартылып жатыр.

Аймақта авто жолдарының жалпы ұзындығы - 2846,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңыздағы - 1049 шаршы метр болса, облыстық және жергілікті маңыздағы - 1 797,1 шақырым.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная