Маңғыстауда 240 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының прокуратурасы кадастрлық құны 270 миллион теңге болатын жалпы ауданы 240 мың гектар жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының прокуратурасы кадастрлық құны 270 миллион теңге болатын жалпы ауданы 240 мың гектар жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметі бойынша, Қарақия және Түпқараған аудандарында жеке кәсіпкерлердің ауылшаруашылық малдарының саны жалпы жайылым алаңындағы шекті рұқсат етілген жүктемеге сәйкес келмеген.

"Яғни, жайылымдық жер жылдар бойы өз мақсатына сай пайдаланылмай келген. Бұл ретте облыста мал шаруашылығын дамытқысы келген басқа шаруаларға жайылымдық жер өте қажет болды, бұл жалпы саланың қалыпты дамуына кедергі келтіріп отыр", - деді прокуратура өкілдері.

Реклама
Реклама

Прокурорлық қадағалау шараларымен жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған, осындай жұмыстар барлық жерде жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама