28 қыркүйек 2022 | 14:31

Маңғыстауда 9 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Прокурорлар Маңғыстау облысындағы мектептерде жалған диплом пайдаланудың тоғыз дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар Маңғыстау облысындағы мектептерде жалған диплом пайдаланудың тоғыз дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Қарақия ауданындағы Аққұдық орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі жалған дипломмен жұмыс істеген. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжат пайдалану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

"Ұқсас деректер Ақтау қаласындағы екі мектепте (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті), Жаңаөзен қаласындағы үш мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданындағы екі мектепте (бастауыш сынып мұғалімдері), Бейнеу ауданындағы бір мектепте (бастауыш сынып мұғалімі) анықталды. Оларға қатысты соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная