Маңғыстауда аққулардың қырылуы: Rixos қонақүйінде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

видео кадры

Маңғыстау облысында қырылған аққуларға байланысты Rixos Water World Aktau-ға жоспардан тыс тексеріс тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология департаментіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында қырылған аққуларға байланысты Rixos Water World Aktau-ға жоспардан тыс тексеріс тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология департаментіне сілтеме жасап.

Экология департаменті мамандарының талдауы нәтижесінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан артық екені анықталыпты.

"Аққулардың өліміне төгілген судың әсерін толық зерттеу үшін Алматы қаласынан орнитолог мамандар шақырылды. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті инспекторлық ден қою шаралары қабылданады және әкімшілік істер қозғалады", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2022 жылы Rixos WaterWorld Aktau осыған ұқсас заңбұзушылық үшін жауапқа тартылып, 76 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама