11 мамыр 2023 | 12:04

Маңғыстауда балалар алаңында 5 жасар бала әткеншекке кептеліп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстау облысында әткеншекке кептеліп қалған бес жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында әткеншекке кептеліп қалған бес жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 мамырда Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінде болған. Сағат 19:24 шамасында құтқарушыларға Мерей көшесіндегі №37 үйдің жанындағы ойын алаңында бес жасар баланың әткеншекке ілініп, шыға алмай қалғаны туралы қоңырау түскен.

Реклама
Реклама

Үлкендер де баланы өз беттерімен босата алмаған.

Көмекке келген құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен әткеншек бөліктерін ашқан. Бала анасына тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная