20 ақпан 2019 | 21:48

Маңғыстауда биыл туризм бағытында 4 жаңа нысан іске қосылады

© Ақорда

2018 жылы Маңғыстау облысында шағын және орта бизнестің дамуы оң динамиканы көрсетті. Шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 126 288 адамға жетті, олар жалпы сомасы 792 миллиард теңгеге өнім шығарды. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов халықпен есепті кездесуінде айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы Маңғыстау облысында шағын және орта бизнестің дамуы оң динамиканы көрсетті. Шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 126 288 адамға жетті, олар жалпы сомасы 792 миллиард теңгеге өнім шығарды. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов халықпен есепті кездесуінде айтты.

Осылайша, кәсіпкерлер 2,2 миллиард теңгеге шағын несие алды. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 210 жоба 1,5 миллиард теңгеге субсидия алды. "Нұр Капитал" аймақтық бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер 3,6 миллиард теңге 200 жобаны қарады. Оның ішінде 60 жоба жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеге қаржыландырылды.

Реклама
Реклама

Бұдан басқа, 9 жолдың торабында орналасқан Маңғыстау орталық көліктік-логистикалық торапқа айналады. Шетпе - Бейнеу, Қияқты - Тұщықұдық жолдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұдан басқа, биылғы жылы 2 жаңа жоба (50 шақырым) іске асырылатын болады: "Ата Жолы" жолы және Басқұдық елді мекенінен Халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі жол. Құрық портының бірінші кезегі іске қосылды. 2018 жылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 1,8 миллион тоннаны құрады.

Облыс дамуының тағы бір маңызды саласы - туризм. Өткен жылы Қазақстан мен шет елден 191 мыңнан астам туристер өңірге барды. 2018 жылы жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге 1,7 шақырым жағалауды жайластыру бойынша үлкен жоба іске асырылды. Сонымен қатар, осы жылы наурызда "Туризмді дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 27 миллиард теңгеге ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылмақ. Биыл туризм бағытында 4 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған.

Сондай-ақ, облыста инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. 2018 жылы ауылдық жерлерде ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 64 пайыздан 69 пайызға дейін артты. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 75 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар, өткен жылы "Каспий"су тазарту станциясын қайта жаңартудың бірінші кезеңі аяқталды. Осыған байланысты Мұнайлы ауданы мен Құрық ауылы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, Құрық ауылында инвесторлар қаражатына қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тазарту станциясының құрылысы басталды. Қазіргі таңда Кендірлі қаласында қуаты тәулігіне 100 000 текше метр осындай зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ, өңірдің экономикасын дамыту үшін баламалы энергия көздерін енгізу маңызды. 2018 жылдың 1 мамырында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында құны 1,2 миллиард теңге болатын қуаты 2 МВт күн электр станциясы іске қосылды. Ағымдағы жылы Ақшұқыр ауылында қуаты 5 МВт жел электр станциясын іске қосу жоспарлануда. Форт-Шевченко қаласында қуаты 43,6 МВт жел электр станцияларын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Түпқараған ауданында қуаты 42 МВт жел электр станцияларын салу жоспарлануда.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная