Маңғыстауда бұрғылау мұнарасы құлады: ТЖД не дейді?

Дина Шарипханова Корреспондент
Маңғыстауда бұрғылау мұнарасы құлады: ТЖД не дейді? видео кадры

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында бұрғылау мұнарасының құлаған сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында бұрғылау мұнарасының құлаған сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, бұл оқиға 9 шілде, сәрсенбіде шамамен 12:47-де болған.

"Тенге" кен орнында №553 ұңғымада "Petro НефтеГазСервис" ЖШС мердігер компаниясы бұрғылау мұнарасын жерге көлденең күйде түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде екінші және жоғарғы үшінші секция арасындағы буын тұсында иілу болды", – деп түсіндірді өңірлік ТЖД.

Жарнама
Жарнама

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

"Бұл оқиға жіктеледі және Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңына сәйкес қауіпті өндірістік нысанды пайдаланатын ұйым комиссиясы тарапынан тергеу жүргізіледі", – деп нақтылады Маңғыстау облысы ТЖД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама