Маңғыстауда екі әкімнің орынбасарлары есірткі ісіне байланысты ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Маңғыстау облысында полицейлер өңірлік әкімдіктің қолдауымен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын есірткі қылмысына күдікпен ұстады. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, ал басқа фигуранттарға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр.

"Алынған заттар сараптамаға жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді әкімдік өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік саясаты жүйелі түрде жүргізілетіні атап өтілді.

"Заңды бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама