Маңғыстауда екі күн қатарынан құмды дауыл басылмай тұр

Видеодан алынған

Бүгін, 6 сәуірде Маңғыстау облысында қатты жел мен құмды дауыл тұрды. Жүргізушілер қолайсыз ауа райын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Жүргізушілердің айтуынша, құмды дауыл салдарынан тасжолды көру мүмкін емес. Алайда полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық тасжол көлік қозғалысы үшін ашық.

Желідегі кадрлардан ауа райының көлік көзғалысы үшін кедергі екенін көруге болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, құмды дауыл Маңғыстауда екі күн бойы соғып тұр. Бұған дейін сәуірдің ортасында соққан. Ол кезде ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан, Ресей және Өзбекстан шекарасында 350-ден аса жүк көлігі тұрып қалды. Ал Маңғыстаудағы "Тәжен" өткізу бекетінде 150 жүк көлігінен ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 6-8 сәуірде Қазақстанның кей өңірінде күн жылынатынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама