ПОДЕЛИТЬСЯ
04 шілде 2021 | 16:53
Маңғыстауда ер адам үш ай еңбек құлдығында болған
Маңғыстау облысында Бейнеу ауданының 59 жастағы тұрғыны еңбек құлдығында жүрген, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысында Бейнеу ауданының 59 жастағы тұрғыны еңбек құлдығында жүрген, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жергілікті шаруа қожалықтарының бірінде заңсыз ұсталған. Ер адамға үш айдан бері физикалық күш көрсетіліп, түрлі жұмысқа тартқан. Енді бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
"Стоп-трафик" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бас бостандығынан заңсыз айыру дерегі анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық полиция бөлімінде тіркелді, бүгінде соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы полиция департаменті бөлім бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также