31 тамыз 2022 09:59

Маңғыстауда итбалықтарға арналған резерваттар құрылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Susanne Jutzeler, Schweiz: Pixabay сайтынан

Каспий теңізі жағалауында итбалықтарды сақтау бойынша резерваттар құру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізі жағалауында итбалықтарды сақтау бойынша резерваттар құру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында Каспий итбалығының популяциясын сақтау жоспары әзірленген. Ол үшін ерекше қорғалатын үш табиғи аумақ құрылмақ. Сонымен қатар, итбалықтар мекендейтін жерлер тұрмыстық қалдықтардан тазартылады.

Итбалықтар өлексесін зерттеу нәтижесі олар көбіне балық аулайтын торға оралып өлетінін көрсеткен. Ең ластанған аймақ – Құлалы аралы. Былтыр онда 53 келі теңіз қоқысы жиналған.

Реклама
Реклама

Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін шешу бағдарламасына облыстық бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінгені хабарланды. Былтыр облыстың экологиялық проблемаларын шешу үшін жол картасы әзірленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram