Маңғыстауда жел генераторы өртенген сәт видеоға түсірілді

Маңғыстауда жел генераторы өртенген сәт видеоға түсірілді Видео кадрлары

Маңғыстау облысында жел генераторынан өрт шыққан сәт видеоға түсірілді. Жел генераторы Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченкоға кіреберісте өртенген, - деп хабарлайды "Лада".

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жел генераторы өртеніп жатқаны туралы ақпарат 31 желтоқсанда сағат 08.56-да түскен. Форт-Шевченкоға кіреберістегі жел электр станциясындағы №24 жел генераторында өрт болғаны белгілі болды.

"Түпқаран ауданының өрт сөндіру қызметінің екі техникасы мен сегіз өрт сөндірушісі оқиға орнына дереу аттанды. Өрт сөндірушілер механикаландырылған пост қойылды. Алдын ала себеп - қысқа тұйықталу", - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама