05 қазан 2023 | 10:26

Маңғыстауда кәсіпорын жауапкершілікке тартылып, 1,2 миллиард теңге залал өтелді

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасында залал өтелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасында залал өтелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы "Phystech II" АҚ қызметінде тексеру жүргізді.

Реклама
Реклама

Компания қызметінде қызметкерлердің бірқатар еңбек құқықтарын өрескел бұзу, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталған.

"Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 миллион теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная