15 мамыр 2022 11:44

Маңғыстауда кептелістен заңсыз айналып өткен полицей жазаланды

Видео кадры

Маңғыстау полициясының қызметкеріне жол жиегімен жүріп өткені үшін хаттама толтырылды. Қызметтік көліктегі жүргізуші осылайша кептелісті айналып өткен, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау полициясының қызметкеріне жол жиегімен жүріп өткені үшін хаттама толтырылды. Қызметтік көліктегі жүргізуші осылайша кептелісті айналып өткен, - деп хабарлайды Lada.kz.

Желіде тараған видеодан жүргізушілердің көзінше патрульдік көлік қиылыста жол жиегімен жайбарақат жүріп өтіп, кейін жолға қайта шыққанын көруге болады.

Өңірлік полиция департаменті жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 1-бөлігі ("Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру") бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Енді тәртіп бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 47 700 теңге айыппұл төлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram