Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 16 қыркүйекте Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау тасжолының бойындағы Қарақия ауданында болған.

"Шетпе ауылына бет алған ВАЗ 21154 көлігінің жүргізушісі екі түйені қағып кеткен. Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама