Маңғыстауда коменданттық сағат кезінде жүріп-тұруға қалай рұқсат алуға болады? Бақтыбаев түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев өңір тұрғындарына коменданттық сағат кезінде жаяу немесе автокөлікпен жүруге қалай рұқсат алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев өңір тұрғындарына коменданттық сағат кезінде жаяу немесе автокөлікпен жүруге қалай рұқсат алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, бұл үшін белгілі бір алгоритм бар.

"Маңғыстау облысының комендатурасына (Ақтау қаласы, 12-шағынаудан, 80-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан) және өңірдің Полиция департаментіне жазбаша өтініш беру қажет. Өтініште толық ақпарат, автокөлік туралы мәлімет, коменданттық сағат ішінде неге жүріп-тұратыны, кез келген уақытта байланысуға болатын телефон номерін көрсету міндетті", - деді Бақтыбаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Реклама
Реклама

Комендант рұқсат тек аса қажет болған жағдайда ғана берілетінін ескертті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама