30 маусым 2022 | 13:30

Маңғыстауда "Қошқар Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Маңғыстауда "Қошқар Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда "Қошқар Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін, 30-маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Реклама
Реклама

Бүгінде облыстың экологиялық өзекті мәселесінің бірі - "Қошқар-Ата" қалдық қоймасы. Қазіргі таңда қалдық қоймасын қалпына келтірудің I кезеңі бойынша 905 га жерге рекультивация жұмыстары жалғасып жатыр. Тиісті қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған.

Бүгінгі таңда 120 гектарға рекультивациялау жұмыстары жүргізілді және 40 гектар жерге қара сексеуіл отырғызу жұмыстары басталды. Жалпы жоспарланған жұмыстарды аяқтау арқылы 105 миллион тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 миллион тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтарды көмуге мүмкіндік болады.

Сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында құм тоқтату жұмыстары жалғасуда. 2021 жылы Үштаған, Тұщықұдық, Шебір, Сенек ауылдарында құм тоқтату жұмыстары толықтай аяқталып, жалпы 3 236 гектар жасыл желектер пайда болды.

Алдағы уақытта Жарма, Сауысқан және Сазды ауылдарын құм көшкінінен қорғау жұмыстары жалғасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная