02 маусым 2021 | 13:04

Маңғыстауда құр сүйегі қалған жылқылардың суреті жарияланды

Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда мал шаруашылығының ахуалы мәз емес. Қыр үсті босып жүрген бір шаруа, жайылымға жақсы жер, құдық іздеп шаңытып жүрген көліктер. Жақында Ақшымырау 3-4 айғайынды жігіт жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 ірі қарасы өлді. Жүрмей қалған жылқыларын кезек-кезек тиеп алдына әкеп тастап су беріп тынықтырып, он шақырым алдына әкеп тастайды. Қайтып барғанша тағы төрт бесеуі сондай жағдайда, оны тағы әкеп тастап тынықтырып зорға жетті", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары биліктен бұл мәселеге назар аударуды сұрады, өйткені құрғақшылықтың салдары ауыл шаруашылығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная