Маңғыстауда мұнай компаниясына жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

Маңғыстауда мұнай компаниясына жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында мұнай компаниясына жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында мұнай компаниясына жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстары кезінде қауіпті қалдықтарды жинақтаудың белгіленген лимитінен айтарлықтай асып кеткен (бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық).

"Прокуратура актісі бойынша аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ірі арбитраждық және сот дауларына қатысып, олардың бір бөлігі жабық режимде қаралып жатқаны хабарланған болатын. Ең ауқымды істердің бірі - North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясымен арадағы 2,3 триллион теңгелік дауға қатысты, деді әділет вице-министрі Даниель Ваисов.

Мәселе Қашаған кен орнында күкірт сақтау лимиттерінің асып кетуіне байланысты экологиялық талаптар туралы болып отыр. Тексеру мәліметтеріне сәйкес, компания нормадан тыс шамамен 1,2 миллион тонна күкірт сақтаған.

Қазақстандағы бірінші сатыдағы сот мемлекеттің ұстанымын қолдады, алайда кейін шешім бірнеше рет қайта қаралды. Қазіргі уақытта іс апелляциялық сатыда қаралып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама