ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2022 | 09:15
Маңғыстауда мұнайшылар көне жәдігер тауып алды
Маңғыстау облысында мұнайшылар Дунга кен орны аумағынан көне қорымды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысында мұнайшылар Дунга кен орны аумағынан көне қорымды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жұмысшылар жазуы бар көне құлпытас тапқан. Ол қазір қоршауға алынған.
Қорымның өзі жолдан 30-40 метр жерде, Ақтау-Форт-Шевченко тасжолының 36-шақырымында орналасқан. Бұл жерде мұнайшылардың даладағы кеңсесі бар. Құлпытас сол маңнан қазылған ордан шыққан.
"Бұл олжа археологтарымызға зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп сенеміз", - дейді жұмысшылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также