ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2023 | 09:11
Маңғыстауда ірі құс фабрикасы жабылғалы тұр
Маңғыстауда жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін кәсіпорын өнімін өткізе алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстауда жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін кәсіпорын өнімін өткізе алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Түпқараған ауданындағы заманауи фабрика 2 жыл бұрын іске қосылды. Құсты бағып, сойып, оның жемін өзі дайындайтын ірі кәсіпорында 170 тен астам жұмысшы еңбек етеді. Фабрикада айына 400-450 тонна құс еті өндіріледі. Соның шамамен 300 тоннасы облыс аумағындағы дүкендерге жеткізілуде. Ал қалғаны мұздатқышта сақтаулы.
Қазір барлығы 1 мың тонна құс еті жиналған. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, өнімді қайда тапсырарын білмей дал. Мұнай компанияларына асхана қызметін көрсететін мекемелер болса, сапалы жергілікті өнімге қарағанда, шетелдің арзан "тауық еттерін" тұтынады. Тығырыққа тірелген кәсіпорынның аграрлық несие корпорациясынан алған қыруар қарызы тағы бар.
"Біздер 22 процентпен аграрлық несие корпорациясынан кредит алып отырмыз. 22 процент деген ол өте үлкен ауыл шаруашылығына. Оның 12 проценті субсидияланады дейді бірақ, 12 процент алып жатқан жоқпыз. Кішкентай ғана бөлігін алдық бүкіл суммадан 5-10 пайыз ғана. Негізгі орын алынған жоқ. Бірақ 22 пайыз кредитті қазір төлеу керекпіз. Субсидия түспей жатыр деп ешкім қарап жатқан жоқ. Жалпы 10 пайыз болса да жоғары деп есептеймін, ең болмаса 1-2 пайызбен көмектесу керек,"-дейді фабрика директоры Данияр Тұрғынов.
Құс фабрикасының өнімдері тұрғындар арасында сұранысқа ие. Жұрт тауық етін іздеп жүріп алатындарын айтады.
"Қазір төрт түліктің еті қымбат қой. Соған қосымша болсын деп тауық етін аламыз. Өте дәмді. Басқа жақтан әкелінгендерге қарағанда өзіміздің өнім таза болады,"- деді Ақтау қаласының тұрғыны Баян Тілепова.
Кәсіпорын тұрақты жұмыс істеу үшін, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау қажет. Әйтпесе бірнеше айда фабрика жабылып, 170 тен астам жұмысшы табыссыз қалуы мүмкін.
Ал ауылшаруашылық басқармасының басшысы аталған фабрикаға қолдау көрсетілгенін жеткізді.
"Үкімет тарапынан осы инвестициялық жобаны іске асыру барысында 1 млрд теңгеге инфраструктура жеткізілген болатын. Сонымен қатар, инвестициялық салымдардың бір бөлігін өтеу мақсатында кәсіпорынға 600 млн теңгеден астам инвестициялық субсидия төленді Үкімет тарапынан. Сонымен бірге жыл сайын өндірілген өнімнің көлеміне байланысты үш жылда біздің ақпаратымыз бойынша 100 миллионнан аса қаражат төленіп отыр,"-деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.
Фабрика басшылығы электр энергияны мұнай компаниясымен бірдей тарифпен төлеуге мәжбүр. Оның үстіне, жарықты жеткізуші делдал мекеме көп. Олар да үлестерін қосып, бағаның өсуіне ықпал етіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также