15 қараша 2017 | 23:31

Маңғыстауда "Рухани жаңғыру - Жастар керуені" жобасы өз жұмысын қорытындылады

Бүгін Ақтау қаласында "Жастар керуені" жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ақтау қаласында "Жастар керуені" жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған "Рухани жаңғыру - Жастаркеруені" Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты.

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылардың айтуынша,облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес аталмыш көш өз жұмысын он бес күн бұрын, яғни 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан бастаған.

Керуен Маңғыстау облысының 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елдімекенді, оның ішінде шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты - аймақ тұрғындарына мемлекеттік саясатты түсіндіру, жастарды қолдау, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және өзекті мәселелер бойынша жастарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету болды.

Керуенді өткізу арқылы "Қазақстан-2020: болашаққа жол" 2020 жылға дейінгі ҚР  мемлекеттік  жастар  саясатының  тұжырымдамасын іске асырудың  және мемлекет  басшысының   - "Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асырудың  негізгі бағыттарын көрсету көзделді.

Керуен мемлекеттік  жастар  саясатын іске  асыру  мәселелерінде  ведомствоаралық өзара  іс-қимылдың тиімді  моделін қалыптастыруды,  өңірлердегі  жастармен  жүйелі  жұмыс  істеуді  жолға қою мақсатын орындауға бағытталды.

Керуен жұмысы өңірдегі өзекті деген бірнеше мәселені шешуге бағытталған.

-         жастарды жұмыспен қамту;

-         тұрғын  үй алуға жәрдемдесу  және  жатақханамен қамтамасыз ету;

-         діни  экстремизм  мен терроризмнің    алдын  алу;

-         кәсіптік бағдар беру;

-         жастардың бизнес бастамашылдығын қолдау;

-         цифрлы технологияларды түсіндіру;

-         патриоттық  тәрбие  мен   еріктілік;

-      салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Облыстың 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді қамтыған (Ақтау қаласын қоспағанда) "Рухани жаңғыру - жастар керуені" аясындағы шараларға 5000 жуық жастар қатысты. 4000 жуық жас жоғарыда аталған бағыттар бойынша консультациялық кеңестер алды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная