09 қараша 2017 11:02

Маңғыстауда "Рухани жаңғыру" керуені жолға шықты

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда "Рухани жаңғыру" керуені жолға шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда "Рухани жаңғыру" керуені жолға шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған "Рухани жаңғыру" керуені бағытын Маңғыстаудан бастады. Түрлі сала өкілдерінің басын қосқан көш өңірдегі 56 елді мекенді аралап, жастармен кездеседі. Шараның мақсаты - Елбасының  "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"  бағдарламалық мақаласын іске асырудың негізгі бағыттарын  көрсете отырып, жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатыстыру. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жобаларды жан-жақты түсіндіріру. 

Реклама
Реклама

Керуен құрамындағы топ мүшелері бес бағытта жұмыс жасауды қолға алған. Атап айтсақ, бос уақытты ұйымдастыру, жұмыспен қамту, құқық бұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбие беру, тұрғын үй және жатақханмен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолдау көрсету. 

Делегация осы уақытқа дейін 4 аудан мен 26 елді мекенді аралап, жергілікті жастардың қатысуымен түрлі шараларды ұйымдастырғандарын айтады. Қорытынды кездесуді 15 қараша күні Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткізуді жоспарлап отыр.

"Рухани жаңғыру" керуені әрі қарай Атырау облысын аралайтын болады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram