12 қазан 2019 | 12:41

Маңғыстауда шенеунік меншік иелеріне заңсыз жер берді деген күдікке ілінді

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы 22 жер телімін заңсыз берді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы 22 жер телімін заңсыз берді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметін асыра пайдаланып, жалған құжат жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Реклама
Реклама

"Ол жалпы сомасы 62 миллион теңге болатын 22 жер телімін жеке және заңды тұлғаларға сату бойынша конкурстар немесе аукциондар өткізбестен я болмаса жалға алу құқығынсыз жер комиссиясы хаттамасынан жалған құжат берді деген күдікке ілінді", - деп хабарлады агенттікте.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтауда түпкілікті шешімді сот шығарады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная